Жанр кононы ұғымын сипаттаңыз



Әдеби жанрлар (мазмұндық, өзіндік қасиеттерден өзге) түрлі шамадағы айқындыққа ие құрылымдық, формалық сипаттарға иелік етеді. Өте ежелгі кезеңдерде (классицизмге дейінгі дәуірді қосқанда) тап жанрлардың формалық аспектілері алға шығарылып, әрі басымдыққа деп саналды. Жанр түзуші бастаулар өлең өлшемі (метрлер) және шумақтық ұйымдастыру организация (кейбірде олар «тұрақты формлар» деп аталады) болып қалыптасып, белгілі бір сөздік конструкцияға және құрылымдық принциптерге бағдар ұстайды. Әр жанрға қатаң түрде көркемдік амалдар кешені бекітіліп берілді. Бейнелеу тақырыбына, туынды құрылымна және оның сөздік тініне қатысты қатаң алдын ала жазылып қоюшылық тіпті индивидуалды-авторлық бастамашылықты шетпақай қылып, тіпті жоқ қылды. Жанр заңдылығы әміршілдікпен қаламгердің шығармашылық еркін өзіне бағындрады. Д.С. Лихачев «Ежелгі орыс жанрлары жаңа уақыт жанрларына қарағанда өте зор мөлшерде белгілі бір стильдік типтермен байланыстылықта Сондықтан «тұрмыстық стиль», «хронографиялық стиль», «жылнамалық стиль» сөздері бізді еш таңқалдырмайды, дегенмен, әрине, әрбір жанр шегінде индивидуалды ауытқушылықтың байқалуы да бек мүмкін». Ғалымның айтуынша, орта ғасырлық өнер «бейнеленушіге қатысты ұжымдық қарым-қатынасты танытуға ұмытылады. Осыдан келіп, көп жайт шығарма туындыгеріне емес, осы туынды жататын жанрға байланысты болып келеді Әрбір жанр өзіндік сынақтан өткен дәстүрлі автор, жазушы, «орындаушы» образына ие. Дәстүрлі жанрлар алын ала қатаң қалыпта формаланып, бір-бірінен жеке-жеке өмір сүреді. Олардың арасындағы шекара айқын және нақты, әрқайсы өзінің «плацдармында» «жұмыс істейді». Бұндай жанрлық түзілім канондық деп аталынады. Олар дәстүрлік қалыптасқан және автор үшін міндетті белгілі бір норма мен ережегі ұстануға тиіс. Жанр каноны дегеніміз – бұл «жанрлық нышан-белгілердің белгілі бір тұрақты және қатаң (курсив менікі.- В.Х.) жүйесі «. «Канон» (көне гр. kanon – ереже, алдын ала жазылып қоюшылық) сөзі көне грек мүсіншісі Поликлеттің (б.з.д.V ғ.) осы аттас трактатынан шыққан. Бұл канон әбден жетілген үлгі, толық жүзеге аса алатын әлдебір норма ретінде ұғынылды. Канондық өнер (оның ішінде – сөздік) осы терминологиялық дәстүр бойынша суреткерлердің сөзсіз жетегінде жүруге тиісті жетілген үлгілерге қол жеткізуіне мүмкіндік алушылығы болып пайымдалады. Жанрлық нормалап мен ережелер (канондар) әу баста жоралғылық ғұрыптар және халықтық мәдениет дәстүрлері негізінде бейберекет қалыптасты. «Және де дәстүрлі фольклор мен архаикалық әдебиеттің жанрлық құрылымдары бейәдеби жағдаяттардан бөлінбестей қалыпта, әрі жанрлық заңдылықтар жоралғылық ереже және тұрмыстық сапайыгершілікпен тікелей қосылады»

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!